Басты / Жаңалықтар мен оқиғалар


10.11.2011, Өскемен қ.

«АВТОВАЗ» және «АЗИЯ АВТО» Өскеменде толық циклді өндірісті құруға кірісуде

9-10 қарашада Қазақстанға жұмыс сапарымен «АВТОВАЗ» ААҚ президенті Игорь Комаров келді. Сапар мақсаты - «АВТОВАЗ» ААҚ, «АЗИЯ АВТО» АҚ және «ЕРТІС» ӘКК» ҰК» арасында толық циклді автомобиль өндірісінің жобасы бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандум жасау болды.

«АВТОВАЗ» және «АЗИЯ АВТО» Өскеменде толық циклді өндірісті құруға кірісуде

ҚР Үкіметі мен «АЗИЯ АВТО» АҚ арасында 2010 ж. маусымында қол қойылған өнеркәсіптік құрастыру бойынша келісім шеңберінде қазақстандық автоқұрастырушы зауыт Өскемен қаласында республикадағы ірі автоөнеркәсіп кластерін құрастыру жобасы бойынша жұмыс істеуде. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігімен бөлінген алаңда пісіру, шанақты бояу және қуаттылығы жылына 120 мың бірлікке дейінгі толымдаушыларды шығару бойынша өндірістер кешені жоспарлануда.

«АВТОВАЗ» ААҚ және қазақстандық серіктестер арасында бұрын жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша ресейлік автоконцерн басшысы болашақ кәсіпорынның өнеркәсіптік аумағындағы дайындық жұмыстарының барысымен танысып, «БИПЭК АВТО» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин мен «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ержан Мандиевпен бірлескен жұмыс болашағын талқылады.

Комаров мырзаның Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуі барысында «АВТОВАЗ» ААҚ, «АЗИЯ АВТО» АҚ және «ЕРТІС» ӘКК» ҰК» арасында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Үш жақты келісімге сәйкес 2012 жылдан бастап, тараптар жаңа буынды Lada үлгілерін пісіру, бояу және құрастыру, сонымен қатар, толымдаушыларды өндіру қуатталықтарын құруды жоспарлауда.

- Сатылымдар үміттері өте сенімді, - деді журналисттерге арналған брифингте Игорь Комаров. – Мен Қазақстанда автомобильдердің осы үлгілеріне РФ ұқсас, сұраным өте жоғары болады деп санаймын. Олар Ресейдегі ең үлкен сұранысқа ие болып қалуда және өндіріс көлемдерін арттыруды талап етуде. Жобаның сәтті болатынына күмәнім жоқ.

Нарық қажеттіліктерінің өсу қарқынын есепке ала отыра, өндірістің алғашқы кезегін (жылына 90 мың автомобиль) іске қосу 2015 жылға жоспарланған, екінші кезегін (жылына қосымша 30 мың автомобиль) іске қосу 2017 жылы күтілуде. Болашақ кәсіпорынның өнімін сату нарығы ретінде Қазақстан, Ресейдің Сібір және Қиыр шығыс федералдық округтері, Орта Азия және Күнгей Кавказ елдері белгіленген.

- Біздің холдингтің «АВТОВАЗбен» серіктестігі бір жарым он жылдықты есептейді. Алдағы жыл біздің серіктестер үшін де, біз үшін де бетбұрысты болады. Lada тізімін бұрын болмаған жаңалау күтуде. АВТОВАЗда Renault-Nissan-АВТОВАЗ жасандық платформасында бірден бірнеше үлгіге старт беріледі. Lada автомобильдерінің бағасы бұрынғыдай нарықтағы ең тартымды болып қалады, алайда технологиялар мен сапа дәрежесі бойынша үлгі жаңа деңгейге шығады. Lada жаңа үлгілерінің ерен жүйріктер ішінен ең көпшілікке арналған және тартымдылары осында, Өскеменде шығарылатын болады.
Біз үшін ол ұзақ келіссөздер нәтижесі. Алайда олардың жемісті қорытындысы тек біздің компаниялар үшін ғана маңызды емес. Жобалық қуаттылыққа шығумен жоба қазақстандық машина жасау саласындағы ең ірі болады. Ол ЖІӨ өсімі түрінде шамамен 1,5 млрд. АҚШ долларын және бюджеттік аударымдар түрінде 87 млн. АҚШ долларын жыл сайын береді
- деп атап өтті «БИПЭК АВТО» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин.

Сондай-ақ АВТОВАЗ басшысының Қазақстанға сапарының аясында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен және индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен кездесулер өтті. Келісулер барысында жобаның даму кезеңдері, кәсіпорын өнімдерін шектес нарықтарға жеткізу сұрақтары, сонымен қатар, «АВТОВАЗ» ААҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ бірлескен жобасын мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері талқыланды.

Жоба ҚР жылдамдатылған индустриалдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының, ҚР индустрияландыру картасының және басқа мемлекеттік бағдарламалар қатарының бір бөлігі болып табылады. Жобаға құйылатын инвестициялардың жалпы көлемі 514 млн. АҚШ долл. бағаланады. Жобалық қуаттылыққа шығу 12 мың жаңа жұмыс орнын құруды қажет етеді және 1,04 млрд. АҚШ долл. экспорттық түсімді қамтамасыз етеді.

 

«АЗИЯ АВТО» АҚ қазақстандық автоқұрастырушы зауыты(Өскемен қ.) 2002 ж. негізі қаланған және Қазақсандағы жеңіл автомобильдерінің ең ірі өндірушісі болып табылады. Зауыт серіктестерінің ішінде «Volkswagen Group», «General Motors», «Renault-Nissan-АвтоВАЗ» және «KIA Motors» жетекші әлемдік концерндері.
Өскемен қ. «АЗИЯ АВТО» АҚ қуаттылықтарында Skoda (Fabia, Octavia, Superb, Yeti), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Epica, Lacetti), Lada 4x4, KIA (Sorento, Mohave, Cerato, Sportage, Soul, Cadenza, Optima) маркаларының автомобильдері шығарылады.
«АЗИЯ АВТО» сапа менеджментінің жүйесі ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес «TÜV International Certtification» (Германия) сертификатталған.
ҚР Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктер үшін» сыйлығының аясында «АЗИЯ АВТО» АҚ өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын деп танылды.

«АВТОВАЗ» ААҚ – Ресей мен Шығыс Еуропадағы жеңіл автомобильдердің ірі өндірушісі. Компания Renault-Nissan (Renault «АВТОВАЗ» ААҚ 25% акцияларының блокадалаушы пакетін бақылайды) альянсінің серіктесі болып табылады. Жақын болашақта француз-жапондық альянс кәсіпорын капиталындағы қатысуды 50% арттыруды көздеуде. 2012-2013 жж. «АВТОВАЗ» ААҚ қуаттылықтарында Lada, Renault және Nissan брендтерінің жаңа үлгілерінің өндірісі игеріледі.
2011 жылдың 10 айында Ресейде 493,2 мың LADA автомобилі сатылды (2010 ж. ұқсас кезеңіне қарағанда 17,1% артық). Кәсіпорын өнімі ресейлік және қазақстандық нарықтардағы ең сатылатын өнім болып табылады.

 

Пресс-қызмет: тел.: +7 (7232) 522-070, pr@bipek.kz, www.aziaavto.kz

 


070002, Қазақстан Республикасы
Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 101/1,
е-mail: zavod@aziaavto.kz

| Kia | Cadillac | LADA | Skoda | Chevrolet |

ҚР аймағында сатылымдар "БИПЭК АВТО" ЖШС-тің филиалы арқылы жүзеге асырылады

© 2005-2011AZIA AVTO WebDesigner: