Басты / Жаңалықтар мен оқиғалар


24.05.2011

Өскемендіктер республикадағы ең ірі автокөлік өнеркәсіп кластердің құруын қолдады


        Өскемен қаласында еліміздегі ең ірі автокөлік өнеркәсіп кластерін құрудың экологиялық аспектін бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Шығыс Қазақстан аймағында іске асырылатын жобаға штамптау, кузовты балқытып біріктіру, толымдайтын бөлшектер және жылына 120 мыңға дейінгі көлемде дайын автокөліктерді шығару  бойынша қуаты кіреді.
ҚР Үкіметі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен отандық автокөлік өнеркәсібі тарихында ең ірі бастаманы «АЗИЯ АВТО» АҚ іске асырады. Болашақтағы өнеркәсіп кешені  2010-2014 жылдарға арналған ҚР жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасының бір бөлігі болып табылады және республикалық маңызы бар жобаларға жатады.
Өткізілген тыңдау барысында қала тұрғындары, ШҚО қоғамдық Кеңесінің төрағасы В.Ф. Лопаткин, экология жөніндегі сараптау комиссияның төрағасы Г.Л. Корешков, ШҚО табиғат ресурстары және табиғатпен пайдалануды реттеу Басқармасының өкілдері Өскемен қаласының шегінде Ертістің сол жағалауында орналасатын автокөлік жасайтын кешеннің технологиялық циклы туралы толық ақпарат алды.

«2020 бизнестің жол картасы» аясында автокөлік құрастыратын кешеннің қуатын кеңейту жұмыстары аяқталуда. Бұл біздің жобамыздың бірінші кезеңі,- дейді «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ержан Мандиев. 2010 жылдың шілде айында  ҚР Үкіметі мен біздің зауыттың арасында  келісім шартқа қол қойылған. Осыған сәйкес біз келесі фазасына кірістік  – автокөлікті толық жасайтын кластерін құруға. Оның тұғырнамасы толық циклдағы зауыт болады. Кәсіпорынның құрамына штамптау,  кузовты балқытып біріктіру және кузовті бояу бойынша қуат кіреді.

Н.Назарбаевтің  Шығыс Қазақстан облысына  жуық арада жасаған жұмыс сапары барысында мемлекет басшысына жобаны іске асыру және құрылатын автокөлік өнеркәсіп кластерінің экономикалық тиімділігі  туралы баяндалды (суретте).
Жобаға енгізілетін инвестициялардың жалпы көлемі 514 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобалық қуатқа шығу 12 мың жаңа жұмыс орнын құруға талап етеді. Жобадан бюджетке жыл сайынғы төленетін жарнау түрінде қосымша 68,6 млн. АҚШ доллар  түседі және экспорттан 1,04 млрд. АҚШ доллар түседі.

Жобаны іске асыру есебінен ІЖӨ  өсімі жыл сайын 1,8 млрд. АҚШ долларын құрайды.  Оның көлемін түсіну үшін былай айтуыма болады - бұл өнеркәсіп өндірісінің барлық көлемінен де көп, мысалы, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарын бірге алғандай болады. Немесе бүгінгі таңдағы қазақстандық машина жасау өнімінің жалпы көлемінен біраз төмен, -  деп мәлімдеді «АЗИЯ АВТО» басшысы.

Жоғары технологиялық өндірістің мақсаттарына бірдей келетін, қазақстандық маңызы жоғары және де сонымен бірге шикізат емес саласының әлеуметтік дамуы мен жаңғыртуына дем беретін дәл осындай көлемдегі басқа жобаның мысалын келтіруге едауір қиындау.
Бүгін барлық қазақстандық автокөлік өндірістерінде ірі жүйелі SKD- жинақтау қолданылады, - деп белгіледі Е. Мандиев. – Ол мемлекетте бірімен байланысты өндірістердің ауқымды дамуына және қазақстандық маңызының деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік бермейді – көлемдер жеткіліксіз. Кедендік одақ жағдайында өндеу дәрежесін тереңдету есесінен біздің жоба осы кедергіні жоюға мүмкіндік береді. Бірінші кезең – автокөліктерді жинау бойынша қазіргі заманға сай қуаттарды  құру – іске асты. Қазір біз штамптау, балқытып біріктіру, бояу цехтері мен  автобөліктерді шығару жөніндегі технопарктің инженерлік инфрақұрылымына жобалау жүргізудеміз.
Осындай толымдайтын отын багы сияқтылардың шығарылуы 30 мың, бамперлер – 60 мың, шиналар – 100 мың бірлік данадан артық көлемінде ғана тиімді болады. Тек қана Қазақстандағы пайдалану көлемдерімен салыстырайық – дағдарысқа дейін елімізде жыл сайын 300 мың автокөліктен артық сатып алынатын, қайталама нарықты есепке алмағанда!
«АЗИЯ АВТО» басшысының айтуынша, автобөліктер өндірісі қай жерде орналасатыны өте маңызды.

Базалық автозауыттан қашықтығы 300 км-ден аспау керек. Бұл тек қана Volkswagen Group, KIA Motors, Chevrolet сияқты біздің  серіктестеріміздің тәжірибесі ғана емес,  басқа да дүниежүзілік автоиндустрия көшбасыларының тәжірибесі. Осы радиустан тыс логистикалық шығындар мен дайын көліктердің өзіндік құны өте жоғары болып қалады. Біріншіден ол ірі көлемді толымдаушыларға қатысты. Сондықтан, Шығыс Қазақстандағы бар кәсіпорындарын қуатпен жүктеумен бірге,  біз тікелей бөлінген алаңшада автобөліктерді шығару бойынша технопарк  құрудамыз.

Мандиев мырзаның назар салып айтуынша, Қазақстан толымдайтын өндірістердің орталығынан алыс орналасқан. Сондықтан, қосымша өндірістердің шоғырлануы төмен шығындарды қамтамасыз етеді, логистикалық, инфрақұрылымдық және кадрлық  міндеттерді шешеді. Бұдан басқа, қуаттың шоғырлануы соңғы өнімнің сапасын жоғарылатады. Шығыс Қазақстан технопаркінде шығаруға жоспарланған ең перспективті автокөліктің бөліктері қайталама нарығында талап етілетін толымдаушылар болып табылады: орындықтар, бамперлер, отын бактері, пайдаланылған жүйелер, жарық техникасы, автокөлік бұраулар, шынылар, шиналар, аккумуляторлар, фильтрлер.

Біз жобаны орындауға Кедендік одақтың құрылуынан  бұрын кірістік, бірақ, бірыңғай кедендік кеңістіктің құрылуы жұмыс қарқынын жылдамдатты. Жаңа кедендік режим және Евро-5 стандартына дейін келешектегі талаптардың енгізілуі   отандық автокөлік паркінің жаңаруын жылдамдатады және нарық көрінісін өзгертеді, - деп түсіндіреді Е. Мандиев. Дағдарысқа дейінгі 2007 жылы 2,38 млрд.  АҚШ доллар сомасына 388 мың автокөлік республикаға шеттен әкелінген! Біздің зауыт осы көлемнің тек қана бір бөлігін жабады. Автокөлік саласында импорттың орнын ауыстыру потенциалы өте үлкен.

Бұдан басқа,  Шығыс Қазақстанға жақын Ресейдің тек қана алты сібір аймағы халқы 14 млн. адамы бар рыногын ашуда. Тағы 34 млн. тұрғындар Орта Азия мен Күнгей Кавказына жатады. Біздің автокөліктерді осы аймақтарға жеткізу арқасында ең аз дегенде жыл сайын экспорттан елімізге қосымша 1 млрд. АҚШ доллардан артық түседі.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, жоба автокөлік өнеркәсібінің қазіргі заманға сай өнімдерін тек қана экспортқа шығару ағымын қамтамасыз етпей, шикізат емес секторында өнімділіктің биіктігін белгілейді:

Еске салайын, жылдамдатылған индустрияландыру бағдарламасының мақсаттарының бірі – машина жасау өнімділігін 52 мың АҚШ долларына дейін жоғарылату. «АЗИЯ АВТО-да» бұл көрсеткіш бүгінгі күні бір қызметкерге 188 мың АҚШ долларын құрайды. Толық циклдағы зауыттың жобалық қуатқа шығуымен өнімділік 450 мыңға дейін өседі.

Осындай жоғары деңгей, бір жағынан менеджмент сапасына, екінші жағынан – біздің өндіріс кешеннің технологиясына байланысты. Оған жабдықтар «бірінші үштіктегі» дүниежүзілік автоконцерндарымен жұмыс істейтін Германия, Жапония, Франция және Кореяның белгілі компанияларынан жеткізіледі.
Осы таңдау жаңа қуаттың экологиялығын да белгілейді. Өскемен қаласы үшін өндірістің тазалығы қоршаған ортаға әсерін тигізу жағынан маңызды мәселе екені құпия емес. Сондықтан, тыңдау барысында жаңа өндірістің айналасында таза ауаны сақтау үшін «АЗИЯ АВТО-мен»  қолданылатын шараларды Өскемен қаласының тұрғындары бағалағанына біз ризамыз.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кошербаев жаңа жобаға өз бағасын берді:

Бүгін, әсіресе, Кедендік одақ құрылғаннан кейін, аты шулы жобалар көп. Талай бастамалар туралы біз бұрын естідік және олардың қаншасы табысқа жетіп отыр? Бұл жерде жүзеге асыруды бұрыннан істеп жатқан бірегей тәжірибесі бар табысты жеткізушы алып отырғаны маңызды. «АЗИЯ АВТО» холдингі бүгінгі таңда нарықтың 45%  және төрт дүниежүзілік аты бар серіктестігіне ие. Біздің елімізде шикізат емес секторында мен осындай мысалдарды келтіре алмаймын.

         Әкімдікпен жаңа өндірістің құрылысына Ертістің сол жағалауынан 95,5 гектар жер бөлінді. Өскемен қаласының осы бөлігі бүгінгі таңда – электрмен- сумен қамту, газдандыру және басқа жүйелердің инженерлік байланыс тапшылығын көріп отыр. Жаңа көлік өндірісін инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, біз іргелес аудандардың мыңдаған тұрғындарының коммуналдық мәселелерін шешеміз. Жаңа автокөлік өнеркәсіп орталығы қаланың тұрғын-үй құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына мұрындық болуын айтпағанның өзінде. Жобаның бірінші кезеңінде зауыттың қызметкерлеріне мыңдаған жаңа пәтерлер, бала бақша мен мектептің құрылысы жоспарлануда,- деп хабарлады ШҚО әкімінің орынбасары. – Сондықтан, «АЗИЯ АВТО-нің» бастамасы дамудың мемлекеттік бағдарламасына республикалық маңызы бар жоба ретінде енгізілген.

Шынын айту керек, алаңша ретінде біз Қазақстанның басқа аймақтарын да қарастырдық, - деп мойындады Мандиев мырза. – Бірақ, әр облыстың инфрақұрылымдық, машина жасау базасын, көлік-географиялық ерекшелігін  бағалай отырып, автокөлік өнеркәсібін дамытудың ең жақсы бастапқы жағдайы мен потенциалы республика кеңістігінде Шығыс Қазақстаннан артық жерде жоқ екендігіне көз жеткіздік.
         ШҚО Ресей аймағының өнеркәсібі дамыған облыстарының, Қытайдың, ҚР солтүстік индустриалды орталығының шекарасы түйіскен жерінде орналасқан және де автокөлік пен теміржол қатынастарының жетілген жүйесіне ие. Бұл перспективалық рыноктарға кіруге және толымдайтын бөліктерді Ресей және Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония мен Қытайға жеткізу бағыттарын қамтамасыз етеді. Осыған қымбат емес  энергоресурстар көздерін, машина жасау мықты базасын, кәсіби ғылыми-техникалық кадрларын қосыңыз. Осыдан басқа, кластер аясында Daewoo Bus Kazakhstan Семей өндірісімен және ШҚО-ның ондаған машина жасау кәсіпорындарымен  бірігу мүмкін. Олардың бәрі толық қуатпен жұмыс істемейді. Олдардың көбіне жоба жаңғырту мүмкіндігін береді.
ШҚО әкімінің орынбасары Ермек Кошербаев Шығыс Қазақстан облысын түсті металлургия орталығы деп жиі айтады, сондықтан машина жасау кешенінде аймақтың маңызы екінші орынға кетіп қалады:

Шын манында барлық жеңіл автокөліктердің 96% ғана емес, Қазақстандағы барлық ауыл шаруашылық трактор техникасының 94% ШҚО-да шығарылады, - деп бөлісті Кошербаев мырза. – Шығыс аймағында машина жасау кәсіпорындарының шоғырлануы ең жоғары дәрежеде. Олардың көбі профильді өнімнің елімізде ең ірі немесе жалғыз өндірушісі болып табылады. Қазмырышмашзауыт пен Шығысмашзауыттан бастап, Семей машина жасау зауытымен аяқтай отырып.

  • 2010-2014 жылдарға арналған ҚР жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы
  • 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустриализациялау картасы (ҚР Үкіметінің Қаулысы 2010 жылғы 14 сәуірдегі №303)
  • «2020 бизнестің жол картасы» бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы)
  • 2010-2014 жылдарға арналған ҚР машина жасауды дамыту брйынша бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі №1002 Қаулысы)
  • 2010-2014 жылдарға арналған қазақстандық маңызын дамыту бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы №1135 Қаулысы)
  • 2015 жылға дейін ҚР өндірістік қуатты рационалды орналастыру схемасы (ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №304 Қаулысы)
 

Подпись: Жоба келесі мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген                              

ШҚО кәсіпорындары өндеу өнеркәсібіне бағытталған.

   Республиканың өнеркәсіп өндірісінде оның үлесі 30% тең, Шығыс Қазақстанда бұл сан 70% асады!  Соңғы өнімді қайта өндеу және жасау – бұл біздің профиль.
  Аймақ басшысы  орынбасарының пікірі бойынша  Шығыс Қазақстанның кадрлық потенциалы, ғылыми-техникалық мектебі ерекше назарға лайық.
-   Облыста төрт жоғары оқу орны бар, олардың біреуі машина жасау және автокөлік саласына мамандарды дайындауға арналған. Аймақта 96 орта арнаулы оқу мекемесі бар.

  

       Техникалық және кәсіби білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Президенттің қаулысымен машина жасау саласы үшін қызметкерлерді дайындау бойынша  аймақ аралық орталық құрылады.
         Өскемен қаласында «Казгипроцветмет» Қазақстандық бас жобалық институты жұмысын атқарады. Жоғары технологиялар Зонасының ұйымдастырылуы басталды. Оның құрамында  конструкторлық және сынау орталықтары жұмысын атқарады.          

Көріп отырғандай, автокөлік құру саласында білім, жобалау және өндіру арасында байланысты қамтамасыз ету үшін басқа ең жақсы жағдайларды ешбір басқа аймақ бүгінгі таңда көрсете алмайды.


070002, Қазақстан Республикасы
Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 101/1,
е-mail: zavod@aziaavto.kz

| Kia | Cadillac | LADA | Skoda | Chevrolet |

ҚР аймағында сатылымдар "БИПЭК АВТО" ЖШС-тің филиалы арқылы жүзеге асырылады

© 2005-2011AZIA AVTO WebDesigner: