20.04.2011
2011 ЖЫЛ I ТОҚСАН. ҚОРЫТЫНДЫ мен ЖОСПАРЛАР. ИТОГИ и ПЛАНЫ
2011 жылдың 20 сәуірінде «БИПЭК АВТО» компаниялар тобы мен «АЗИЯ АВТО» қазақстандық көлік құрастыратын зауыттың өкілдері бірінші тоқсандағы жұмыс нәтижесімен бөлісті және 2011 жылдың жоспары туралы айтты.
«БИПЭК АВТО» компаниялар тобының маркетинг және сату жөніндегі директоры Денис Бичугтің айтуынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Қазақстандағы әр екінші жаңа автокөлік, LCV моделін қоса отырып, «БИПЭК АВТО» филиалдарының біреуінде сатып алынған». Холдингтің үлесі 2010 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда екі есе өсті. Бүгін компания отандық рынокта жаңа автокөліктер сатудың 45% бақылайды.
Айта кету керек, «БИПЭК АВТО» сатылатын автокөліктердің жартысынан астам иелері алдын ала белгілі – өткен жылдың басынан алдын ала тапсырыс беру жаңа форматы енгізілген. Ол сатып алушыға автокөліктің құрамдауын толық белгілеуге мүмкіндік береді, нақты жеткізу мерзіміне және алдын ала белгіленген жеңілдік бағаға кепілдік береді, - деп хабарлады Бичуг мырза.
Осы формат, «БИПЭК АВТО» филиалдық жүйесінде ұсынылған автокөліктерді сату өсуінің бір бөлігі болды. Бірінші тоқсанда компанияның сатулары нарықтан тез өсті: егер нарық жалпы 76% өссе, «БИПЭК АВТО» өткізу көлемдері үш еседен артық өсті және 2867 автокөлікті құрады».
«АЗИЯ АВТО» АҚ автокөлік құрастыратын қазақстандық зауыттың президенті Ержан Мандиевтің айтуынша, 2011 жылдың бірінші тоқсанын 2010 жылдың дәл осы кезеңі бойынша салыстырғанда кәсіпорын алты есе өсуімен аяқтады.
«Лада» көлігін кең таралған пікірге қарамастан қазақстандық көлік өнеркәсібінің базалық маркасы деп енді айтуға болмайды. Бүгін республикада ең өндірілетін бренд ол KIA болды, деп - «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті атап өтті. - Моделдік қатардың кеңеюі үйлестірген өндіріс портфелін құруға мүмкіндік береді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда ең көп сатылатын В-класының моделі зауытпен 2010 жылдан бастап шығарылатын Chevrolet Aveo болды.
C-класс біздің елде ең танымал және бәсекелестік әсіресе осы буында өткір. Бірақ, осыған қарамастан, сату көшбасы бестігінде бірден біздің үш моделіміз кіреді: KIA Cerato, Chevrolet Cruze және Skoda Octavia. Екеуін біз өткен жылдың мамыр айында іске қостық, деді Мандиев мырза. Дәл сол кезеңде рыноққа KIA Sorento кроссовер шығарылды. Бүгін ол орта көлемді джиптардың класында екінші орын алады және сату көлемі бойынша тек қана Toyota LandCruiser Prado орын береді.
«АЗИЯ АВТО» жаңа моделдерінің танымалдығы сату қарқынына әсерін тигізді: «Бірінші тоқсанда біз нарықтан екі есе өстік. Бүгін «АЗИЯ АВТО» өнімдеріне Қазақстандағы жаңа жеңіл автокөліктердің барлық сатуы 18% келеді – деді кәсіпорын басшысы.
Мемлекеттік сатып алуға тендер аясында бірінші тоқсанда зауытпен 20,8% автокөлік сатылды. 57,7% жеке тұлғаларға және 21,5% корпоративтік секторға жатады. Зауыттың қаржы көрсеткіштері нарықтың қалпына келуіне және моделдік қатардың кеңеюімен күрт өзгерді.
Өткен жылдың бірінші тоқсанына келген қазақстандық нарықтың құлдырауының төменгі нүктесінде зауытпен 155 млн. тенге мөлшерінде шығын белгіленген. 2010 жылдың екінші тоқсанынан бастап кәсіпорын жоспарлы кірістің өсуіне шықты. 2011 жылдың қантар-наурыз айларының қорытындысы бойынша ол 187 млн. тенгені құрды. «АЗИЯ-АВТО» саудадан түскен ақшасы сол кезеңде 2,4 млрд. тенге, ол өткен жылдың дәл осындай көрсеткішінінен төртесе асады. Ержан Мандиевтің айтуынша, 2010-2011 жылдарына зауыттың конвейеріне қосылған 15 жаңа модель келеді, яғни «АЗИЯ-АВТО» алдынғы тарихынан екі есе көп.
KIA төрт жаңа моделі – Optima және Cadenza седандары, сонымен бірге Soul және Sportage кроссоверлары – өндіріске ағымдағы жылдың наурыздың аяғында іске қосылған. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келгенде республика Президенті Нурсултан Назарбаев «АЗИЯ АВТО» алғашқы көліктерімен жеке танысты. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына зауытпен Chevrolet брендімен: Chevrolet Cruze хэтчбэк, Orlando минивэн және Captiva кроссовер тағы үш жаңа модел іске қосылады. Сонымен 2011 жылдың үшінші тоқсанның аяғына «АЗИЯ АВТО» моделдік қатарында 20 моделден артық көлік болады.
|