ҚАЗАҚСТАН АВТОБИЗНЕСІНІҢ
ҚОРЫТЫНДЫСЫ мен ЖОСПАРЛАРЫ
2010 жылдың 2 қарашасында «БИПЭК АВТО» және «АЗИЯ АВТО» қазақстандық автоқұрастыру зауыты өкілдері үшінші тоқсандағы жұмыс қорытындысымен бөлісті және 2010-2011 жж. арналған келешекті жобалар жоспарларын қалай жүзеге асыратындарын ашып айтты.
«БИПЭК АВТО» холдингісінің сатылымы 2010 жыл бойы оң серпінді көрсетті және 9 ай қорытындысы бойынша 5001 жеңіл автомобильдер санына жетті (LCV үлгісін қоса ала). Әсіресе үшінші тоқсан топтар үшін сәтті болды: «БИПЭК АВТО»-ның өткізу көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 64% көтерілді. 2010 ж. шілде-қыркүйек айларында компания 2669 автомобильді сатты. Осылайша, Қазақстанда сатылған жаңа жеңіл автомобильдердің жартысының көбі осы кезеңде «БИПЭК АВТО» автосалонында сатылды
Компания топтарының маркетинг және сату жөніндегі директоры Денис Бичуг хабарлағандай, холдингпен ұсынылған маркалар сатылымының 71% В сыныбына, сатудың 56% С сыныбына және 30% төтелегіштер сыныбына тура келді. «АЗИЯ АВТО» қазақстандық автоқұрастыру зауытының өнімі, «БИПЭК АВТО»-ның сатып өткізу желісі өсуінің негізгі көзі болды:
- Қазақстанда шығарылатын Chevrolet автомобильдерінің сатылымы 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 45% көтерілді. Бірақ ең елеулі бұзып өтіп алға шығуды KIA бренді жасады. Онысы ол автомобильдер маркасын «АЗИЯ АВТО» қуаттылығында шығаруымен байланысты. Шығарылып жатқан үлгілердің жаңашылдығы және тартымды бағасы KIA-ға Қазақстанда ең сатылымды маркалар ішінде төртінші орынға және шетел автомобильдері бренді арасында үшінші орынға ие болуға мүмкіншілік берді, - деп айтты Бичуг мырза.
Қазақстанда құрамдалған Chevrolet және Skoda автомобильдерінің сатылымы 2010 жылдың үшінші тоқсанында (2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда) 67% өсті және 39% сәйкес.
«АЗИЯ АВТО» АҚ-ның президенті Ержан Мандиев айтқандай, есеп беру кезеңінде зауытпен шығарылған автомобильдер өткізімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 155% өсуін көрсетті, онысы 2,73 млрд. теңгені құрды.
- Бұл отандық автомобильдер нарығындағы дағдарыс басынан бастап осы кезге дейін бізбен тіркеліп келе жатқан өсудің ең жоғары қарқыны, – деп атап көрсетті кәсіпорын басшысы, - Сонымен бірге «АЗИЯ АВТО»-ның өндіріс және сату құрылымы өгерді. 2009 жылдың үшінші тоқсанында алыс шетел маркалары үлесіне 40% кем емес сатылым түссе, ағымдағы жылда барлық шығарылған және сатылған автомобильдер саны Chevrolet, KIA және Skoda брендтері өнімдері бойынша 70% құрды. Ақшалай түрде бұл марка автомобильдерін сату көлемі үш рет көтерілді.
Ағымдағы жылдың тоғыз ай ішінде «АЗИЯ АВТО» АҚ 1 965 автомобильдерді өндіріп шығарды. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша шығару көлемі 965 автомобильден тұрды, онысы 2009 жылдың сол кезеңдегі нәтижесінен 4,1 рет жоғары.
- Бірінші тоқсанда біз залалды қысқарту бойынша жүргізілген жоспарлы жұмысты аяқтадық, мамыр айынан бастап зауыт пайдасы өсіп жатқаны жайлы айтқанға болады. Үшінші тоқсанда «АЗИЯ АВТО»-ның таза пайдасы 286 млн. теңгеден аса болды, - деп айтты «АЗИЯ АВТО» президенті, - Бұл нәтиже «үнемді менеджмент» практикасын кеңейтуімен қамтамасыздандырылды, оны біз дағдарыс кезеңінде, және де клиенттерге автомобильге алдын-ала тапсырыс беруді ұсыну жаңа бағдарламасымен жетілдірдік. Әлбетте, үлгі қатарын өзгерту шешуші рөл ойнады.
2010 жылда игерілген 5 жаңа үлгілерді ескере отырып есептесек, «АЗИЯ АВТО»-ның өндіріс желісі бүгінгі таңда 14 автомобильден тұрады. Жақын болашақта кәсіпорынның үлгі қатары 20 автомобильге дейін кеңейтіледі:
- Желтоқсанда біз Skoda-ның екі жаңа үлгісін сериялық өндіріске қосамыз. Сөз кіші сыныптағы үнемді автомобильдер Skoda Fabia және кроссовер Skoda Yeti туралы қозғалып отыр. 2011 жылдың І-ші тоқсанында жаңа буынның KIA бренді атымен төрт үлгісі игеріліп шығарылады – деді мырза Мандиев, - Оның ішінде SUV KIA Sportage, қызығушылық туғызатын седан KIA Cadenza, бизнес-сынып седаны KIA Optima және басқалардан өзгеше кроссовер KIA Soul.
«БИПЭК АВТО» холдингі және қазақстандық автоқұрастыру зауыты басшыларының бағалауы бойынша екінші тоқсанда қалыптастырылған тапсырыс портфелі және жақын алты ай ішінде үлгі желісін кеңейту белгілеуі, нарық белсенділігін қалпына келтіріп қана қоймай, қаржы көрсеткіштері мен нарықтық ұстанымның ары қарай келешектік серпінді өсуіне жол ашады.
Басты
параққа көшіңіз
|