«АЗИЯ АВТО» АҚ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ САНАТЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ ТУРАЛЫ
Қазақстан қор биржасы (KASE) Листинг комиссиясының шешімімен, 2010 жылдың 27 шілдесінен бастап, «АЗИЯ АВТО» АҚ KZ1C49860014 (ASAV) жай акциялары KASE ресми тізімінің үшінші санатына ауыстырылған.
Бұл шешім, KASE ішкі құжаты «Листинг ережелерінің» 16 бабының 2 тармағының 2 нүктесіне сәйкес қабылданған.
Компания акцияларының келесі өзгеруін, «АЗИЯ АВТО» АҚ, 2010 жылдың қорытындысы бойынша қаржы есебін жариялау кезінде, яғни келесі жылдың басында күтеді.
Айта кетерлік болсақ, ағымдағы жылдың қаржы нәтижелері дағдарыстан кейінгі неғұрлым өсуді көрсетеді. Егер, 2008 және 2009 жылдары 422,4 және 709,6 млн, тенге мөлшеріндегі таза шыңғындармен аяталған болса, 2010 жылдың екінші тоқсанында кәсіпорын кірістермен шықты, ал ағымдағы жылдың шілде айында таза пайданың мөлшері 69,8 млн. тенгені құрады. Бұл қаржы нәтижесі, оның барысында 2007 жылдан 2009 жылға дейін қазақстан нарығында жаңа жеңіл автомобилдерге деген тұтынушылар сұранысы көлемінің үш еседен жоғары мөлшерге қысқарған, нарық дағдарысының басына қарағанда ең жоғары болды.
Кәсіпорынның нарықтық көрсеткіштерінің тез арада нығаюы, өндіріс желісінің 13 моделге дейін кеңеюіне және баға стратегиясының өзгеруіне байланысты мүмкін болды.
Ағымдағы жылдың екінші жартысында «АЗИЯ АВТО» АҚ KIA моделдерінің қатарын жеті автомобилге дейін кеңейтуді көздейді. Және де, жылдың аяғына дейін зауыт Skoda Yeti сияқты жаңа кроссовер мен Skoda Fabia субкомпактін көптеп өндіруге кіріседі
Оның нәтижесінде жылдың аяғында өндіріс көлемінің көрсеткіші 2009 жылға қарағанда 4,84 есеге өседі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша «АЗИЯ АВТО» АҚ табысы 8,2 мпрд. тенгені құраса, таза пайдасы 253 млн. тенге мөлшерінде болады.
Басты
параққа көшіңіз
|