Басты параққа көшіңізНа главную страницу АЗИЯ АВТО

11.08.2010


2010 жылы шілде айының қорытындылары бойынша автомобилдер сатылымы Қазақстанда ең жоғары денгейге жетті

2010 жылдың шілде айында Қазақстанда  ресми делдарлармен 1 826 жеңіл және жеңіл коммерциялық автомобилдер сатылған болатын. Бұл  2009 жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,8 % -ға жоғары. Және де 2010 жылдың маусым айына қарағанда өсім 6% құрады. Шілде айы жылдың басына қарағанда ресми нарықта ең нәтижелі болды. Бұл мәліметтер, Qncepto консалтинг компаниясы жасаған нарықтар шолуында берілген. 

Шілде айындағы жеңіл автомобилдер сатылымдары, 2009 жылдың шілде айының нәтижелеріне қарағанда, 3,02 %-ға өскен. Ресми делдардармен 1 434 сатылған болатын, бұл ағымдағы жылдың маусым айының нәтижесіне қарағанда 9,55 %-ға жоғары. 

Шілде айында үздік брендтар үштігі қалыпты болды, алайда, сатылым көлемдері бойынша  № 1  марка болып табылатын Lada, маусым айына қарағанда өзінің қасындағы бәсекелестерінен неғұрлым асып кетті. Ресей мен қазақстанда жинақталған бұл автомобилдер сатылымының  көлемі шілде айында 360 данаға жетті. 

Шолуда аталғандай: «2010 жылдың мамырынан бастап екінші орында Toyota келеді (шілде айында 215 сатылған). Қазақстанда 194 данасы сатылған UZ-Daewoo өнімі де өзіне «күміс» жүлдесін алуға мүмкіншілігі бар».  

Қазақстанда ағымдағы жылдың мамыр айында  бастап шығарылған KIA маркасы да көш басшылыққа жетуге жақын. Ол ІІ тоқсанда болған 25-ші орыннан шілде айында 4 орынға жеткен (айлық сатылымдар көлемі– 92 автомобилді құрады). 

KIA сатылымдарының көлемімен қоса сол сияқты өсімді, Қазақстанға Renault автомобилдерінің жеткізілімін бастаған «Автофрамос» мәскеу зауыты да байқатады. Оның өнімі шілде айында 56 қазақстандықтар сатып алған. Жуықта ғана, отандық нарықтың көшбасшылары үштігінің құрамына кірген Mitsubishi, қоймаларының «жұқалануына» байланысты,  өз орынынан төмендеп барады. Оның сатылымдары шілде айында 55 данаға дейін түскен, ал ол өткен жылдың осы айына қарағанда 2,5 астам есеге төмендеген. 

Шолуда айтылғандай:  «TOP-10 шегінен тыс, дағдарыстан кейінгі өсулердің ең көзге түсер белгілері  Audi т және Mercedes-Benz люкс маркалары арасында байқалады. Шілде айындағы олардың сатылымы 31  (Audi) және 29 (Mercedes-Benz ) автоларға тең, ал 2009 жылдың осы уақытына қарағанда өсім 3,87 және 3,22 есені құрады».

Басты параққа көшіңіз